• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қазғарышта Мемлекеттік рәміздер күніне орай салтанатты іс-шара өтті 04.06.2014

 «1992 жылы 4 маусымда алғаш рет тәуелсіз Қазақстанның жаңа мемлекеттік рәміздері бекітілді. Бұл күн ел тарихында мемлекеттің баянды негіздерінің бірі болып табылатын жаңа мемлекеттік символиканың туған күні ретінде мәңгілікке қалады»,- деді Қазғарыштың жауапты хатшысы Е.Нұрғалиев.

Сонымен қатар, ол барлық жиналған қауымды осы мерекемен құттықтай отырып, денсаулық пен қызметтегі табыс тіледі, деп Қазғарыштың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұған қоса, іс-шара аясында Қазғарыштың қызметкерлері үшін Қазақстанның мемлекеттік рәміздерінің пайда болу тарихы жайлы баяндайтын арнайы деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды.

 

 

 


Back to the list