04.06.2014
Стадионға көк байрақ тікұшақпен әкелініп, «Көк тудың желбірегені» әні шырқалды. Айта кетейік, тікұшақ бортында халықаралық парашютші, спорт шебері Андрей Самсонов пен спорт шебері Александр Кузнецов болды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
Мемлекеттік рәміздер еліміздің өткені, бүгіні және болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі екендігін осы шара тағы бір айқындай түсті. Ұлтымыздың құндылығы, елдігіміздің белгісі рәміздер күні мерекелік концертке ұласты.