04.06.2014
Айта кетерлік жайт, патриоттық акция ерікті түрде ұйымдастырылды, деп ШҚО Ақпараттық орталығынан хабарлады.
«Әнұранды орындап жатқан отандастарымызды қарап отырып, мен олардың көзінен өз мемлекетін қаншалықты мақтан тұтатынын байқадым. Сонымен қатар, ауада қалықтап тұрған туды көргенде тәуелсіздігіміздің беріктігіне тағы да көзім жетті. Ал, Елтаңба ол жай ғана символ емес, ол мемлекеттің өткені мен ертеңінен сыр шертеді», - деп елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков ағынан жарылды.