• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбеде  Мемлекеттік рәміздер күніне орай  патриоттық форумдар ұйымдастырылды 04.06.2014

Форум барысында мемлекеттік рәміздер тақырыбындағы жарияланымдардың байқаулар жеңімпаздарына марапаттау рәсімі өткізіліп, мақтау қағаздары тапсырылып, концерттік бағдарлама ұйымдастырылады, деп облыс әкімдігінде хабарлады.

Мереке қарсаңында мәдениет және білім  мекемелерінде тақырыптық кітап көрмелері, сайыстар мен байқаулар ұйымдастырылды.

Сондай-ақ, 4 маусым жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық «Рәміздерім мақтанышым» атты жас ақындар арасында жыр байқауын өткізуде. Шараға жас ақындар қатысып, өз өнерлерін көрсетуде.

Бұл күні Ақтөбе қаласы және облыстың барлық аудандарындаҚазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздері күніне арналған патриоттық форум өтуде.

Аталмыш шараға ардагерлер, саяси партиялар, үкіметтік емес ұйымдар, кәсіподақ, жастар ұйымдары,этномәдени орталықтар және БАҚ  өкілдері қатысты.

Сонымен қатар, форум аясындажаңадан мемлекеттік қызметке  қабылданған қызметшілердің ант қабылдау рәсімі өткізіледі.


Back to the list