04.06.2014
ШҚО ақпараттық орталығының хабарлауынша, шеруге ұйымдастырушылар мен облыс орталығының мекемелері мен кәсіпкерліктері қатысады. Сонымен қатар, мектеп жанындағы лагерьлерде ҚР Мемлекеттік әнұраны шырқалмақ.
Бұдан бөлек Мемлекеттік рәміздер күні мерекесіне орайластырылған шараларға Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков те қатыспақ. Ол оқышулырдың шығармашылық сарайында облыс орталығының мектеп оқушыларымен кездеспек.
Кешке қарай жастардың «Patriot.kz» патриоттық шарасы өтеді. Онда жастардың шығармашылық ұжымдары, КТК командалары өнерлерін көрсетіп, байқаулар мен ұтыс ойындары ұйымдастырылмақ.