03.06.2014
Бүгін Астанада «Қазақстан оқушылары Патриотизм туралы» шығармалар жинағының тұсауы кесіледі. Кітапта мектеп шығармаларының республикалық байқауы аясында дайындаған мектеп оқушыларының шығармалары жарияланған. Байқаудың негізгі тақырыптары – Мәңгілік ел, Қазақстанның мемлекеттік символдары, елдің тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі, егеменді елдің өткені, бүгіні мен ертеңі, Отанға деген сүйіспеншілік. Оқушылар көпұлтты еліміздің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрлерін, теңдік пен төзімділік, көпмәдениеттілік құндылықтарын да шығармаларына арқау етті, деп хабарлайды «Бәйтерек» халықаралық медиа ортылығы.
Сонымен қатар, бүгін «Атамекен» Қазақстанның картасы» этно-мемориалды кешенінде Астана қаласы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік символдар комиссиясының отырысы өтеді.
4 маусымда Астанада «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері – Тәуелсіз елдің мызғымас негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді. Шараның мақсаты қазақстандық патриотизмді нығайту, мемлекеттік рәміздер мен Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін егемендік пен тәуелсіздіктің символы ретінде құрметтейтін қазақстандық патриотизмді насихаттау болып табылады.