11.05.2014
Стеланы ҚР Елшілігі Красноград қаласының әкімшілігімен және Харьков қаласының «Бірлік» қоғамдық бірлестігімен бірлесіп ашты, деп ҚР СІМ хабарлады.
Шараға Украинадағы Қазақстанның Елшісі Зауытбек Турысбеков, Красноград аудандық мемлекеттік әкімшілігінің басшысы Александр Пересада, Красноград қаласының мэрі Владимир Максим, Ұлы Отан соғысы ардагерлері, іздестіру ұйымары өкілдері мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Украинадағы Қазақстанның Елшісі Зауытбек Турысбеков өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі Ұлы Отан соғысының маңызына тоқталды.
Шара аясында қазақстандық делгация П.Мартынович атындағы Красноград аудандық краеведтік мұражайын аралап, ардагерлермен, мектеп оқушылары және жастармен кездесті.
Хабарламада айтылғандай, 9 мамыр күні ҚР Елшілігі қызметкерлері Беларусь Республикасы Елшілігі мен Ресей Федерациясы Елшілігі қызметкерлерімен бірлесіп Киев қаласындағы Мәңгілік даңқ ескерткішіне гүл шоқтарын қойды.