• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қайтыс болған жауынгерлерге арнап Өскемендегі Даңқ мемориалына гүл шоқтары қойылды (ФОТО) 10.05.2014

Мемориалды кешенде соғыс жылдары қайтыс болған жауынгерлерді еске алу үшін жүздеген қала тұрғындары, тыл еңбеккерлері, әскерилер, шенеуніктер, мектеп оқушылары мен жауынгерлердің туыстары келді, деп хабарлайды ШҚО ақпараттық орталығы.

Жиналғандар батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.

Салтанатты шара барысында Мәңгілік алауға гүл шоқтары қойылды.

Шараға ШҚО әкімі Бердібек Сапарбаев, облыстық ардагерлер ұйымының төрағасы Геннадий Бердюгин, облыстық қарулы құрылым бастықтары мен облыстық басқарма жетекшілері, қоғамдық ұйымдар мен саяси партиялар өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

1941-1945 жылдары осы өңірден жалпы фронтқа шамамен 170 мың адам аттанған. Соның 96 мыңдайы қайтыс болып және бір бөлігі хабарсыз жоғалып кетсе, Шығыс Қазақстан облысының 109 жауынгері Кеңес Одағы Батыры атағын алды.


Back to the list