09.05.2014
«Жеңіс күні - Ұлық мереке. Біздің аталарымыз бен әкелеріміз бүгінде біз бейбіт аспан астында өмір сүріп, Қазақстанды қалыптастыруымыз үшін бәрін жасады. Соның арқасында болашаққа сеніммен қараймыз. Мұның барлығын солар жасады. Қан майданға Қазақстаннан 1,8 млн. азамат аттанып, оның жартысы соғыстан қайтып оралмады, бұған қоса тылда 700-ге жуық адам еңбек етті. Біздің мысымыз бен қорғасынымыз жауды жеңу үшін жұмыс істеді», - деп Н.Назарбаев атап өтті
Сонымен қатар, Елбасы қазақстандықтарды батырларын мәңгі есте сақтап, құрмет көрсетуге шақырды.
«Олар тек қана ерен ерліктерімен ғана емес, өздерінің өмірлік ұстанымдарымен, ұлтшылдық пен фашизммен күресімен де үлгі. Сондықтан да бұл күн мәңгі есте сақтаңыздар. Достықтың, ерліктің, бауырластықтың не екендігі әр кезде де естеріңізде болсын», - деді Мемлекет басшысы.
Президент бүгінде мемлекет Ұлы Отан соғысына қатысқандарға барынша қамқорлық көрсетіп отыр және олардың зейнетақысы көтерілуде, сыйақыларда берілуде, ем-дом қабылдауы үшін барынша жағдай жасалуда, деп атап өтті.
«Бүгінде Қазақстанда соғыс ардагерлерінің қарасы сиреп барады. Сондықтанда оларды әрқашан бағалап, олардан ерлік пен отансүйгіштікті, еңбекқорлықты, бірлікті үйренейік. Ардагерлер қасымызда жүре берсін келесі Жеңістің 70-жылдық мерей тойын бірге атап өтейік», - деп Н.Назарбаев ағынан жарылды.
«Ардагерлеріміз әрқажан отбасымызда, балаларымыз бен немерелеріміз үшін сыйлыв болсын. Елімізге жарқын болашақ пен бейбіт өмір тілеймін. Сіздерге үлкен алғысымды білдіремін !», - деп Елбасы ардагерлерге алғысын білдірді.
Естеріңізге сала кетейік, бүгін "Отан қорғаушылар" монументіне ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен салтанатты түрде гүл шоқтарын қою рәсімі өтті. Мәңгілік алауға сақшы тағайындалған. Сондай-ақ, гүл шоқтарын қою рәсіміне Ұлы Отан соғысының ардагерлері, ҚР Президенті әкімшілігінің, ҚР Үкіметінің, ҚР Парламентінің, ҚР мемлекеттік қорғанысы жауынгерлері, ҚР мемлекеттік қорғанысы оркестрі, "Жас Ұлан" мектебі шәкірттері, ҚР Мемлекеттік қорғаныс қызметінің құрметті қарауыл ротасы, дипломатиялық корпустардың өкілдері қатысты.
Сұм соғыс жылдары көз жұмғандардың рухына тағзым ету үшін алаңға көптеген қазақстандықтар жиналды.
Айта кетерлік жайт, Астанада 258 ҰОС ардагерлері өмір сүреді. Олардың 194 ҰОС ардагерлері, ал 64 ҰОС мүгедектері.