09.05.2014
Ескерткіштің ашылу салтанатына аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев қатысып, облыс орталығының тұрғындарын мамырлық мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, дәл осы күні В. Мыза көшесінде қолдан жасалған бұйымдардың жәрмеңкесі өтті және балалар байқауы, концерттік бағдарламалар мен мерекелік лотереялар ұйымдастырылды. Ал, игі шараларға қаланың кәсіпкерлері демеушілк етті, деп ШҚО Ақпарат орталығынан хабарлады.
Бұдан басқа облыстық кітапханада жерлестің құрметіне көрме өтті. Стендке ол туралы суреттер, кітаптар және әскери кезеңнен қалған естеліктер қойылды.