• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада "Отан қорғаушылар" монументіне салтанатты түрде гүл шоқтарын қою өтуде 09.05.2014

Мәңгілік алауға сақшы тағайындалған. ҚР мемлекеттік қорғанысы жауынгерлері, ҚР мемлекеттік қорғанысы оркестрі, "Жас Ұлан" мектебі шәкірттері, ҚР Мемлекеттік қорғаныс қызметінің құрметті қарауылы ротасы Ұлы Отан соғысы ардагерлерімен кездесті.

Алаңға Ұлы Отан соғысы жылдары қайтыс болған жауынгерлерді ұлықтау үшін мол халық жиналды.

Айта кету керек, Астанада 258 Ұлы Отан соғысы ардагері тіркелген, соның ішінде 194-і Ұлы Отан соғысына қатысушы, 64-і Ұлы Отан соғысы мүгедегі, Ардагерлер арасында 218 ер адам мен 40 әйел адам бар. олардың барлығы 150 мың теңге көлемінде жергілікті бюджеттен бір реттік әлеуметтік жәрдемақы алды.

Елорда әкімдігінің хабарлауынша, Ұлы Отан соғысының барлық ардагері тұрғын үймен қамтамасыз етілген. 2009-2012 жылдары ардагерлерге 218 пәтер бөлінген. 2014 жылы Жеңіс күні қарсаңында қала әкімі И.Тасмағамбетов 4 ардагерге пәтер кілтін табыстады.

Мадина Нұрбекова 


Back to the list