07.05.2014
ҚР Қорғаныс министрлігінен хабарлағандай, ағымдағы жылы 14 сәуірден бастап шеруге 2,5 мыңнан астам жауынгерлер мен офицерлер дайындалды.
Әскери шеруге әскердің барлық түрлері қатысуда. Олардың ішінде ІІМ, ТЖМ, шекара қызметінің әскери қызсметкерлері бар. Сонымен қатар, шеруге 250 дана техника мен 75-тен жоғары ұшу аппараттары тартылған.
«Бұл шерудің басты ерекшелігі – оның технологиялық сипатында. Негізгі басымдық қазақстандық Армияның жаңа және заманауи үлгілеріне беріледі», - деп атап өтті ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары Жұмабек Хасенов.
Лагер жиынының штаб бастығы полковник Қасымсейіт Өмірбеков атап өткендей, шеруге қатысу үшін еліміздің барлық әскери бөлімдері мен гарнизондарындағы әскери қызметшілер іріктелген.Тіпті, әскери қызметші әйелдер мен қыздар үшін арнайы іріктеу жүргізілді.