15.04.2014
Strategy2050.kz сайтында Қазақстан Республикасы Президенті – Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясы : Қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының интерактивті толық нұсқасы жарияланған.
Бұл Жолдаумен жаңа форматта танысуға мүмкіндік береді. ҚР Президенті Жолдауының интерактивті нұсқа мәтінінде Жолдауға енгізілнген мағлұматтарға қатысты Терминологиялық анықтамалық көрсетілген.
Жалпы, анықтамада 90 термин көрсетілген. Олар бес бөлікке бөлінеді: «Жүйелік ұғым», «Экономика», «Әлеуметтік саясат және мемлекеттік басқару», «Дін, тарих, заман», «Геосаясат және қауіпсіздік».
Айта кетейік, Strategy2050.kz ақпараттық порталы 2013 жылдың 10 қыркүйегінде іске қосылды. Жобаның мақсаты: «Қазақстан-2050» Стратегиясында көрсетілген бағыттардың жүзеге асуына ақпараттық қолдау көрсету.