• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтауда көше жарықтары күн энергиясымен жұмыс істейтін болады 26.09.2017

Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қытайлық компания жаңартылатын энергия көздеріне негізделген жаңа LED модульдермен Ақтаудағы көше жарықтандыру желісін ауыстыру бойынша жобаны қолға алып отыр.

Осыған оарй, Ақтау қаласындағы 15 шағынауданында пилоттық жоба аясында заманауи жарықдиодты шамдар қолданылатын инвестициялық жоба іске қосылды.

Жаңа қондырғы қала үшін қаражатты 70%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді және қалалық бюджеттен қосымша шығынды талап етпейді.

Инвестициялық қорларды қайтару ағымдағы бюджет шеңберінде электр энергиясын үнемдеуден түсетін болады.

Жиынға Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов және компанияның өкілдері, «Source Invest Company» ЖШС бас директоры Бекзат Алтаев, энергия көздері бойынша Азия елдерінің менеджері Гүлмира Жүсіпова және «Source Energy» ЖШС Ақтау қаласындағы өкілі Қайрат Өтепов қатысты.

 

 


Back to the list