11.02.2017
Газдандыру мәселесі есептік кездесудің ең маңызды тақырыбына айналды. Б.Қарасаев айтып өткендей, Талдықорғанды газдандыру 4 кезең бойынша жүзеге асырылады. Бұл: 20, 0 мың абонентті газбен қамтамасыз ету аясында 1,4 мың км газды бөлудің жүйелерін салу.
Оның айтуынша, бірінші кезең аясында өткен жылы 3 кешен мен 94,0 км газ құбырының құрылысы жүзеге асты. Бүгінгі таңда 46,0 км желі 1,8 млрд теңгеге салынды.
«Бірінші кезең қаланың орталық бөлігін қамтиды. Талдықорғандық тұрғындарға көгілдір отын жеткізіледі», - деді қала әкімі.