09.12.2016
Облыс әкімдігінде хабарлағандай, Ақмола облысының аймағында алғаш рет жоғары сапалы қысқы дизельдік отын өндіріледі. Биылғы жылы кәсіпкерлік өндірілетін өнімнің бағасын түсіру, сапасын арттыру мақсатында шағын МӨЗ-ді қайта жөндеу жөніндегі инвестициялық жоба жүзеге асырылды. Оның құны – 1,5 млрд теңгені құрады.
Индустрияладыру картасына енген аталмыш жобаны жүзеге асыру жоғары сапалы дизельдік отынды өндіруге мүмкіндік береді. Кәсіпорын жылына 150 мың тонна жанармай шығарады.
Қазақстанның дизельдік отынға деген қажеттілігі жылына 400 мың тоннаны құрайды, оның ішінде 150 мың тоннасы степногорлық кәсіпорында шығарылады. Сондай-ақ, шағын МӨЗ 15 жаңа жұмыс орнын ұсынды.