08.12.2016
Конференция аясында бизнес бизнес үшін форматында 5 секцияның жұмысы ұйымдастырылды (B2B): «Қатты отындағы энергетика» - қазып алынған қатты отынды өндіру технологиялары, көмірден, қатты тұрмыстық қалдықтардан және биомассадан электр энергиясын және жылуды генерациялау, секция: «Газ түріндегі және сұйық отындағы энергетика» - табиғи газдан, ілеспе газдан, биогаздан, мазуттан және мұнай өнімдерінің қалдықтарынан электр энергиясын және жылуды генерациялау;
Конференцияда Чех Республикасының алдыңғы қатарлы энергия үнемдеуші технологиялары, жетістіктері және тәжірибелері таныстырылды. Оларды алдағы уақытта Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын модернизациялау кезінде қолдануға болады.
Конференцияға чех делегациясының құрамында 30-дан аса чех компанияларының басшылары, қаржы институттары мен өндіруші-зауыттар қатысты. Олар Қазақстан Республикасындағы энергетика және тау-кен өнеркәсібі салаларында бірлескен ынтымақтастық үшін қазақстандық серіктестер табуға қызығушылық білдіріп отыр.