• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысы аудан орталықтарының 715 мың тұрғыны газбен қамтамасыз етілді 23.11.2016

Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау шеңберінде Ақтөбе облысында халықтың әл-ауқатын жақсарту, атап айтқанда, елді мекендерді газдандыру бойынша шаралар қабылданып жатыр. Қазіргі уақытта облыс әкімдігі «ҚазТрансГаз» АҚ-мен жасаған меморандумның арқасында өңірде барлық аудан орталықтары газдандырылды, 715 мың тұрғын көгілдір отынмен қамтамасыз етілді.

Меморандумға сәйкес, құны 14,3 млрд теңгені құрайтын 12 жоба іске асырылады.

Халықтың 92%-ы газбен қамтамасыз етілді. Осы инвестициялық жобаны іске асыруға компания 6 млрд теңгеден астам қаражат бөлді. Тапсырылған объектілер 6 мыңнан астам аудан тұрғындарын, 1300 жеке тұрғын үйді және 59 коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысанды үздіксіз газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. 


Back to the list