28.10.2014
«Баламалы энергия саласындағы өзгеше жоба - ол бірінші жел электростанциясын салу болып табылады. Аталмыш жобаны Самұрық-Энерго компаниялар тобына жататын «Бірінші жел электрэнергия компаниясы» АҚ жүзеге асырады. Ақмола облысының Ерейментау қаласында жалпы қуаттылығы 45 мВТ 22 жел құрылғылары салынады, бұл жел электр станциясы саласындағы аймақтағы алғашқы нысан және ол ЭКСПО-2017 электрэнергиясын жеткізіп тұрады», - деп сендірді ол.
Оның айтуынша, жобаға 14,5 млрд теңге жаратылды.
«Жалпы, біз бұл жобаға 14,5 млрд теңге құйдық, осылайша энерготиімділікті арттыруға тамшыдай болсада үлесімізді қосудамыз», - деп ағынан жарылды Қ. Досмұхаметов.
Индира Кауметова