27.10.2014
Қазақстан Президенті «Қазақстан - 2050» стратегиясы халыққа Жолдауында көмірсутекті экономика өзінің соңғы дәуіріне таяп қалды деген болатын. «Жаңа дәуір келуде, онда адамзаттың өмірі мұнай мен газға емес, жаңартылған энергия көздеріне негізделетін болады», - деді халыққа Жолдауында Н.Назарбаев.
Аталып өткендей, ЖЭК (жаңартылған энергия көздері) пен энергияны үнемдеу - Қазақстан үшін жаңалық. ҚР-да үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасы шеңберінде ЖЭК үшін барлық жағдай жасалуда. Сонымен, соңғы 5 жылда Қазақстанда 7 шағын ГЭС, 6 желэлектростанциясы және жалпы қуаттылығы 32 МВт болатын 3 күнэлектрстанцясы іске қосылды.
«ҚР-дағы желэнергетикасының әлеуеті 920 млрд кВтч/жылына құрайды, ал еліміздің оңтүстік аймақтарындағы күн энергиясының әлеуеті жылына 2500-3000 күн сағатына жетеді», - делінген хабарламада.
Хабарланғандай, ҮИИД МБ аясында іске қосылған нысандардың жалпы қуаттылығы 1341 МВт көрсетті.
Бұдан басқа, 2015 жылға дейін тағы жалпы қуаттылығы 56 МВт 3 желэлектростанциясын, жалпы қуаттылығы 53 МВт 3 күн электрстанциясы мен қуаттылығы 4 МВт есептелген 2 малых ГЭС іске қосу жоспарланған. Бұл шетелдіктермен талқыланып жатқан жүзеге асуы мүмкін жобаларды есепке алмағандағы жобалар.