24.09.2014
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Росатом» МК Атом энергиясын көпшілікке тарату саласындағы ынтымақтастық бойынша өзара түсіністік Меморандумына қол қойды.
«Аталмыш құжат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ және «Росатом» МК-ның балама энергетика тақырыбы бойынша екі ел азаматтарына кеңінен білім беруге, сондай-ақ балалар мен жасөспірімдердің атом энергетикасы және өнеркәсібі саласында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білім алуын уәждеуге бағытталған бірлескен жұмыстары үшін ашық ақпараттық-таныстырымдылық тұғырнамасын құру бойынша күштерді біріктіруге деген ниеттестікті аңғартады», - деп хабарлады «Самұрық-Қазына» АҚ.
Тараптар екі жақтың ғылыми, ақпараттық, өндірістік және тәжірибелік базаларын пайдалана отырып, бірлескен іс-шараларды (бағдарламалар) ұйымдастыру бойынша ынтымақтастық туралы келісіп алды.
Атап айтқанда, бұл меморандумда Астана қаласындағы Оқушылар сарайы базасында Атом энергетикасы жөніндегі Қазақстандағы тұңғыш ақпараттық орталық құру бойынша «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның жобасына ресейлік атом корпорациясының қатысуы көзделген.
Жобаны іске асыру кезінде өкілетті ұйымдар ретінде ресейлік тараптан – «Атом саласының ақпараттық орталығы» автономдық коммерциялық емес ұйымы, қазақстан жағынан – «Қазақстанның ядролық қоғамы» қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі белгіленді.
Сондай-ақ, Қазатомөнеркәсіптің серіктестері болған әлемнің басқа жетекші компаниялары да бұл жобаға қатысу ниеттерін білдіріп отыр.