20.06.2014
«Бүгін сараптамалық топпен біз эелектр энергиясына қолы жетпейтін және жаңартылмалы қуат көздерінің қондырғысын орнатуға да мүмкіндіктері жоқ ауылдық жерлердегі халыққа мемлекет тарапынан қондырғының 50 пайызын субсидия түрінде беруді талқыладық», - дейді А.Соспанова.
Оның айтуынша, бүгінде шамамен 70 елді мекен мен 1200-дей шаруашылық электр қуатынсыз отыр.
«Биыл қаражат бөлінді. Енді біз Үкіметтің қаулысында тұрған адрестік көмек көрсету ережелерін дайындаудамыз. Алдағы күндері ол дайын болып, осының аясында заң нормасының қалай жұмыс істейтінін тексеретін боламыз», - дейді.
Оның пікірінше, қарапайым халық қазақстандық өндірістегі 5 киловаттан аспайтын ЖЭК құрылғысын өз қаражатына ала алады.
«Егер ол электрмен қамтамасыз етілмеген аумақта болса, ол 50 пайыздық субсидияны мемлекеттен алуға мүмкіндік ала алады. Аталмыш жарты бағаның қаражаты құрылғыны кісі орнатқаннан кейін беріледі. Одан кейінгі мәселелер аудандық әкімдіктермен шешіледі», - дейді А.Соспанова.
Жалпы, заң жобасын іске асырудың бірінші кезеңінде республикалық бюджеттен 71 млн теңге бөліну қарастырылған. Олар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында қолданылады.
Индира Кауметова