22.02.2017
А. Баталовтың айтуынша, газдандыру мәселесін шешу тек қана бюджет есебінен емес, Еуропалық даму банкінің займы және жеке инветорлар тарту есебінен де жүргізілуде.
Қазіргі кезде Көксу және Іле аудандарында 976,1 млн. теңгеге екі АГРС салынды, құны 4,7 млрд. теңге болатын «Талдықорған» АГРС-інің және қалаішілік желілердің 1-ші кезегінің монтаждау жұмыстары жүріп жатыр.
Биылғы жылы Талдықорған қаласының желілерінің төртінші кезегінің құрылысы басталады, екінші және үшінші кезегіне республикалық бюджеттен 6 млрд. теңге көлемінде қаржы бөлінуде.
Оған қоса 1,5 млрд. теңгеге Талдықорған-Текелі магистралды газ құбырының, Қарабұлақ ауылының және Ескелді ауданының 8 елді мекенінің ауылішілік желілерінің құрылысы қарастырылған.
Жалпы Жетісу өңірінің 410 мың тұрғыны көгілдір отынмен қамтылатын болады.