• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда экспорттық кедендік баж мөлшерлемесі төмендетілді 09.11.2016

Осы уақытқа дейін мұнай битумының экспортына қатысты маусымдық ЭКБ мөлшерлемелері қолданылып келген.

Мәселен, 15 қазаннан бастап 15 сәуір аралығында тоннасына 15 Еуро мөлшерінде ЭКБ мөлшерлемесі қолданылды, ал қалған кезеңде - тоннасына 60 доллар мөлшерінде болған.

Бүгінгі күнде қазақстандық битум зауыттарының («CaspiBitum» БК» ЖШС, «Павлодар мұнай-химиялық зауыт» ЖШС, «Газпроммұнай-Битум Қазақстан» ЖШС және «Асфальтобетон 1» ЖШС) жобалық қуаттылықтары жылына 1 млн. тоннаға  жетеді, ал битумға деген ішкі нарықтағы қажеттілік жылына 500 мың тоннаны құрайды. 

ЭКБ мөлшерлемесі тоннаға 60 доллар болғанда қазақстандық битумның құны сыртқы нарықта бәсекеге қабілетсіз болып табылған.

Қабылданған шара:1) ішкі нарықта қажеттілік жоқ болған кезде, яғни қысқы кезеңде битумды экспорттауға;2) отандық зауыттардың өндіру көлемін арттыруға және жұмыс орындарын сақтауға мүмкіндік береді.

 


Back to the list