26.01.2015
«Реттелген тарифтер бағдарламасын жүзеге асырған алты жыл ішінде элеткрэнергетика саласына инвестиция көлемі артты. Бүгінгі таңда 700 млрд теңгеге жуық қаражат инвестицияланды. Ол қолданыстағы 5 мың МВт қуаттылықты жаңғыртуға, тағы қосымша жаңа 1700 МВт қуаттылықты іске қосуға мүмкіндік берді. Бұл экономиканың электр энергиясына деген сұранысын толығымен қамтамасыз етуге жол береді», - деді В.Школьник.
Сонымен қатар, ведомство басшысының айтуынша, 2015 жылы электрэнергетика саласына 178 млрд теңге инвестиция тарту көзделуде.
«2014 жылы электр энергиясын тұтыну көрсеткiшi 91,6 млрд кВт/сағ құрады. Бұл - өткен жыл көрсеткiшiнiң 102%-ына тең. Электр энергиясының өндiрiсi 93,9 млрд кВт/сағ құраған. Ол өткен жыл көрсеткiшiнiң 102,1%-ына тең болды», - дедi министр.
Бұдан басқа, В.Школьник атап өткендей, 2008 жылы апатты жағдайдағы 131 станциядан 2013 жылы 39 жағдайға дейін қысқарды. 2009-2015 жылдар аралығында 3,3 мың МВт қуаттылық іске қосылатын болады.
Камила Амирова