26.01.2015
Қала әкімдігінде хабарлағандай, 1 жыл ішінде электр энергиясы төлемінің шығыны 31 миллионнан астам теңгеге қысқарды.
Кәсіпорын тарапынан автожолдардың сыртқы жарықтандырылуы мен бала алаңдары, саябақтар жаңғыртылды.
«Қала-әуежай» автожолында 485 ескі шам энергия үнемдейтін шамдарға алмастырылды, билбордтарда 112 жарықдиодты шам, «Маңғыстаудың жеті кереметі» пішіндерін жарықтандыру үшін 17 жарықдиодты шырақ орнатылды.