18.11.2014
«Ұлттық экономика министрлігі екінші деңгейлі банктерді тарта отырып тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту қорын пайдалана отырып үй жөндеуін қайта қаржыландыруды енгізу мүмкіндігін қарастырады. Шет елдердің тәжірибесімен қордан берілетін несиелер кезінде орнатылатын пайыздық үстемені субсидиялау мәселесі қарастырылып жатыр», - дейді Е.Садырқұлов.
Айта кету керек, 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртуды дамыту бағдарламасы тұрғын үй қоры мен коммуналдық инфрақұрылымды жаңғыртуға бағытталған. «Бағдарлама аясында күрделі жөндеу жүргізу кезінде жылу қуатын тұтыну көлемін үнемдеу көрсеткішін 30 пайызға дейін азайту туралы міндеттеме жүктелген. 2011-2020 жылдар аралығында Бағдарламаны іске асыруда 698 үйді жөндеуге 12,8 млрд теңге бөлінген», - дейді басқарма басшысы.
Өздеріңізге де белгілі, республиканың тұрғын үй секторы жылу және электр қуатын тұтыну көлемі бойынша алғашқы үштікке кіреді. Тұрғын үй ғимараттары электр қуатының 13,5 пайызын, жылу энергиясының 24 пайызын тұтынады.
Жалпы, Е.Садырқұловтың айутынша, республика бойынша 105 мыңнан астам көппәтерлі үй бар. Солардың ішінде 29 мың үй күрделі жөндеу өткізуге мұқтаж. Сүрілуі тиіс апаттық жағдайдағы үйлер саны 3 мыңнан астам босла, қалған 71 560 үй ғана қоныстануға жарамды.
Министрлік тұрғын үй заңнамасын жетілдіру бойынша мақсатты жұмыстар жүргізуде. «Ай басынан бері Парламент Сенатына тұрғын үй қатынастары мәселесі бойынша заң жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобасы бағытталды», - дейді.
Камила Амирова