• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ұ.Қарабалин:2015 жылы энергетика министрлігі көлікте энергия сақтау бағдарламасын әзірлейді 21.10.2014

«Энергетика министрлігі мемлекеттік органдармен бірігіп 2015 жылы көлікте энергия сақтау бағдарламасын әзірлейді. Аталмыш бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстан автопарктерін жаңғыртуға мүмкіндік беріп, мұнай өнімдерін қолдану көлемін азайтып, қозғалтқышының көлемі кішкентай автокөліктердің санын арттыруға мүмкіндік береді», - деді ол.

Оның айтуынша, аталмыш шара қалалардың экологиясын жақсарту  мен жанар жағармай тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

ЭМ бірінші вице-министрі атап өткендей, Қазақстан энергияны үнемдеу бойынша жоғары әлеуетке ие.

«Республикадағы энергия сақтаудың техникалық әлеуеті жалпы энергия ресурстарын қолдану көлемінің  27 пайызына тең. Бұл мұнай эквивалентінің 62 млн тоннасына тең, оның ішінде 10 млн тонна көлік есебінен», - деді Ұ.Қарабалин.

Индира Қауметова


Back to the list