• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Ақтөбе облысында 3,5 млн кВт/сағат  электр қуаты үнемделді – әкімдік 01.08.2014

Облыста жылу қуатын 39 пайызға дейін азайтуға мүмкіндік беретін автоматты 31 жылу пункті орнатылды. Осының есебінен 22,8 млн теңге үнемделіп отыр.

Сонымен қатар, жергілікті өндірістің тоғыз км-лік тұрбасының қаптамасы 12,3 млн теңгенің 14,4 Гкал қуатын үнемдеді. Қазіргі таңда өңірді жылу желісімен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. Жеті жобаны іске асыру мен оны жаңартуға 2,6 млрд теңге бөлінді.

Жем және Шұбарқұдық қалаларының орталық қазандықтары жаңғыртылды. Алға және Шұбарқұдық жылу желілері қалпына келтірілді.

«Ақтөбеде станциялардағы ескірген 25 сорғыны алмастыру электр қуатын тұтыну көрсеткішін 13% азайтуға мүмкіндік берді. Жыл басынан бері тариф өсіміне байланысты 17,2 млн теңгеге электр қуатын үнемдеу бойынша 160 көппәтерлі үйдің көше жарықтандыру құрылғылары жаңартылды», - деп хабарлайды әкімдік.


Back to the list