• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ИЖТМ мен Дүниежүзілік банкі  Қазақстанның энерготиімділігін арттыру  жобасына  қол қойды 18.06.2014

Келісімге ҚР Үкіметі тарапынан Премьер-Министрдің орынбасары – Индустрия және жаңа технологиялар  министрі Әсет Исекешев, ал Дүниежүзілік банк тарапынан ДБ-нің Қазақстандағы тұрақты өкілі – Шебнем Аккая қол қойды.

«Жыл сайын бізде 20 мектеп, 5 аурухана және техникалық жарық беру жобасы жаңғыртылады. Бұл нысандарда энергия үнемдеу жобасы дайындалады. Біз Дүниежүзілік банкке ризашылығымызды білдіреміз», - деді Ә. Исекешев.

Сонымен қатар, қаражат институционалдық базаны жақсартуға және энергетика саласын қаржыландырудың тұрақты механизмдерін құруына бағытталады.

Шебнем Аккая энергетикалық тиімділікті арттыру үшін қолайлы жағдайларды құрудағы Үкіметтің жетістіктерін айрықша атады және Дүниежүзілік банкі өз серіктесін жобаны жүзеге асыру барысында әлемдегі ең жақсы тәжірибемен бөлісу мен институционалды потенциалды дамыту арқылы қолдауға дайын екендігін жеткізді.

Жобаны іске асыру барысын бақылау мен үйлестіру ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне жүктеледі. 

Мадина Нұрбекова 

Фото - Азамат Алиев 


Back to the list