18.06.2014
«Мемлекет басшысы Қазақстанда энергия тиімділігін арттыруға бағытталған «Энергияны үнемдеу-2020» бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Аталмыш бағдарлама бойынша 9 бағыт айқындалған. Алдыңғы кезекте өндіріс, энергетика, ТКШ құрылысы, көлік, жарықтандыру, бюджет секторы мен энергия үнемдеуді насихаттау», - деді министр.
Оның айтуынша, әр бағыт бойынша нақты міндеттер мен жауапты мекемелер белгіленген.
«Басты механизмдердің бірі - мемлекеттік энергетикалық тіркеу (МЭТ). Бұл тіркеуге 1,5 мың тоннадан астам шартты отынды пайдаланатын кәсіпорындар енгізілген. Осыдан кейін өндіріс ошағында энергияны үнемдеуді арттыру және жаңғырту жоспарлары жасақталып, жүзеге асырылады», - деп ол түсіндірді.
Айта кетерлік жайт, МЭТ-тің 50 ірі кәсіпорындарының энергия тұтынуы республиканың энергия тұтыну көлемінің 40% құрады.
«Аталған 50 кәсіпорынның энергия сыйымдылығын 25%-ға төмендетуді қамтамасыз ету, ҚР ЖІӨ энергия сыйымдылығының 10%-ға төмендеуіне әсер етеді. Сонымен қатар, 4 мың заңды тұлға энергоаудиттен өтуі керек», - деп А. Исекешев түйіндеді.
Мадина Нұрбекова