04.06.2014
«Энергия үнемдеу мен электр энергиясы саласындағы мамандардың біліктіліктерін арттыруға дайындау бойынша оқу орталықтары қызметі ұйымдастырды. Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 12 оқу орталықтары белсенді жұмыс істейді, онда 1,5 мың қызметкер екі жыл ішінде оқып шықты», - дейді ол.
Сонымен қатар, оның айтуынша, энергоменеджмент жүйесін ұйымдастыру талаптары енгізілді.
«2014 жылдың 1-інші қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік энергетикалық реестр субъектілері халықаралық талаптарға сай энергоменеджмент жүйелері жұмысын ұйымдастыруға міндетті. Түсті және қара металлургия, тау-кен өндірісі мен жанармай өндірісі салаларындағы нормативті қуат тұтыну бекітілді», - дейді Ж.Бөкенбаев.
Энергия үнемдеуді насихаттау бойынша ауқымды шаралар жасалынды.
«Елдің оқу орындарында 100-ден астам сабақ ұйымдастырылып, тиісті шаралар атқарылды», - дейді ол.
Мадина Нұрбекова