11.05.2014
Кейбір көшелерде жөндеу жұмыстары жүргізілгендіктен автокөлік қозғалысы тоқтатылады, деп Алматы қаласының әкімдігінде хабарлады.
Жалпы, 2008 жылдан бастап Алматыда 97,2 км жылу жүйесі жөнделді, оның ішінде магистральды жылу жүйесінің-50,7 км, реттеу жылу жүйесінің -38,4 км қалпына келтірілген болатын. Қорытындысында жылу жүйесінің ескіруі 10 пайызға қысқарып, 65 пайызды құрады.