• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ЕДҚҚБ Қызылордадағы жылу желілерін жаңғырту жұмыстарына 4,3 млрд теңге бөледі 18.04.2014

Бағдарлама орталықтандырылған жылу желілерін жаңғырту туралы келісімге сай ЕДҚҚБ тарапынан басқарылатын Таза технологиялар қоры қаражатынан қаржыландырылатын болады, деп хабарлайды облыс әкімдігі.

ЕДҚҚБ мен ТТҚ жалпы құны 4,3 млрд теңгеге дейінгі несиені «Қызылорда жылу электр орталығына» беруді жоспарлап отыр.  

Айта кету керек, жаңғырту бағдарламасы желімен тарайтын және бөлінетін жылу станцияларының энергетикалық тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде атмосфераға зиянды қалдықтарды тастау деңгейін төмендетеді.

Сонымен қатар, ғимараттардағы жылу желісінң мықтылығы мен тиімділігін арттыру үшін автономды шағын жылу станциялары орнатылады.

«Аталмыш жаңғырту бағдарламасы көптеген қызылордалықтар үшін өте маңызды. Өйткені көптеген ғимараттарда орнатылатын автономды шағын жылу станцияларының арқасында жылу беру барынша сенімді бола түспек», - дейді Джанет Хэкман. 


Back to the list