13.10.2017
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысының Исатай ауданындағы Каспий құбыр консорциумының Шығыс аймағындағы А-НПС-3А жаңа мұнай айдау станциясын салтанатты іске қосу рәсіміне қатысты.
Салтанатты рәсімгеКаспий Құбыр консорциумының Бас директоры Н.Горбань, Атырау облысының әкімі Н.Ноғаев, акционер-компаниялар өкілдері қатысты. Ғ. Дүйсенбаев станцияны қосу салтанатының алдында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қ.Тоқаевтың құттықтауын оқыды.
А-НПС-3А қосу арқылы Ресей мен Қазақстанның, сондай-ақ жетекші мұнай өндіруші компаниялардың қатысуымен мұнай тасымалдауға арналған ірі халықаралық инвестициялық жоба – Қазақстан аумағында Каспий құбыр консорциумының кеңейту жобасын жүзеге асыру аяқталды.
Қазақстаннан экспортталатын мұнайдың үштен екіден астамы тасымалданатын Теңіз - Новороссийск құбырының ұзындығы 1511 шақырымды құрайды.