27.09.2017
Алматы қаласындағы ЖЭО-2-ны газға алмастыру қаланың ауа жағдайын сапалы жақсартуға және ЖЭО-2-дан шығарындыларды 30 мың тоннадан 1,0 мың тоннаға дейін төмендетуге, сондай-ақ жыл сайын 900,0 мың тоннаға дейін күл-қоқыс қалдықтардың жыл сайынғы көлемін төмендетуге мүмкіндік береді.
Алматы қаласы бойынша 2016 жылы жалпы шығарындылар (жылжымалы көздерді ескере отырып) 285,0 мың тоннаны құрады, оның ішінде «ЖЭО-2» АҚ нысандарының үлесіне 11% шығарындылар (31,59 мың тонна) тиесілі.
Бұдан басқа, жеке сектор толығымен газға ауыстырылмаған (5%). Мұндай деректерді табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы келтіреді.