11.09.2017
Қала әкімдігінде хабарлағандай, Түрксіб ауданында 9 бесқабатты тұрғын үйді жылумен және ыстық сумен қамтамасыз ететін «Спасская» қазандығын жаңарту кәсіпорын үшін - 38,6 млн теңге, ал «Каменское плато» қазандығы үшін 5,8 млн теңгеден астам үнемдейді. Осы ретте қала атмосферасына зиянды заттар тасталымдарының көлемі 2 еседен астам қысқарады.
Бұдан бөлек, табиғи газды пайдалану кәсіпорынға олардың жұмысының сенімділігін арттыруға, сондай-ақ олар өндіретін жылу энергиясының өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ жылу энергиясы көздерінде жұмыс істейтін техникалық жабдық ПӘК-ті ұлғайту міндеті де шешілді.
«Қазандықтарда бу шығару жабдығының болмауына байланысты, мазутты қыздыру су жылу тасығышымен жүзеге асырылады. Осы ретте жандыруға жіберілетін мазут температурасы 60-70º С шегінде», – делінген хабарламада.
«Спасская» және «Каменское плато» қазандықтарын қайта жаңартудың жалпы құны 24,5 млн теңгені құрады.