• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада қазақстандық мұнай туралы кітап таныстырылды 08.09.2017

Кітапта Қазақстанның ширек ғасырдағы мұнай-газ кешенінің даму қорытындысы мен жалпы  экономиканы дамыту мәселелері көрініс табады.

«Kazenergy» Қауымдастығы төрағасының орынбасары Жамбыл Сәрсеновтың айтуынша, кітапты жазу идеясы «Kazenergy» қауымдастығының төрағасы Тимур Құлыбаевқа тиесілі.

«Кітаптың шығарылымына дейін    «Kazenergy» қауымдастығы елдің мұнай-газ саласын дамыту туралы ақпарат жинап қойған болатын», - деді Ж.Сәрсенов.

Кітапты жазу үшін мұнай-газ саласының  сарапшылары тартылды.

«Аталмыш жоба Қазақстанда  бірегей. Бұл кітап – өткенді саралап, қателіктерді талдау мүмкіндігі», - деді «Kazenergy» төрағасының  орынбасары Ұзақбай Қарабалин.

Кітап бес тармаққа бөлінген 1991-1996, 1997-2001, 2002-2006, 2007-2011, 2012-2016 жылдар. Әр тарауда осы кезеңде болған  оқиғалар суреттелген.

Ақбота Күзекбай  


Back to the list