28.07.2017
Жаңа күн электр станциясы Целиноград ауданы Қабанбай ауылында салынады. Орталық Азиядағы 100 МВт қуаттылығы бар ірі күн электр станциясын салушы, инвесторы әрі тапсырушысы ретінде «KB Enterprises» компаниясы дайындық жұмыстарын аяқтаған соң, жобаны жүзеге асырудың негізгі кезеңіне көшті. Жобаның құны – 165 млн еуро.
«Қазіргі таңда оны сәтті ілгерілендіру бойынша жұмыс атқарылды. 300 га жерде дайындық жмыстары басталды», - деп хабарлады ӨКҚ.
Құрылыс еуропалық ABB концернімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырылады.
«Аталмыш жоба қосымша жұмыс орнын құруға мүмкіндік беріп, өңірдің энергетикалық жүйесін жақсартады. Сондай-ақ, аталмыш жоба жергілікті инвестициялық «жасыл» технологиялар ашықтығының айқын үлгісі болып табылады», - деп хабарлады өңірлік коммуникация қызметінде.