23.06.2017
Жалпы, облыста 844 елді мекеннің 300-і табиғи газбен қамтамасыз етілген. Яғни бұл өңірдің 1 755 307 тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізіп отыр.
Облыстың елді мекендерін 2017-2020 жылдар аралығында газдандырудың кешенді іс-шара жоспары әзірленді. Жоспарға сәйкес 2020 жылға қосымша 383 елді мекенді газдандыру жоспарланып отыр.
2021 жылға табиғи газбен қамтылған елді мекендер санын 683-ке немесе 2 млн. 720 мың тұрғынға жеткізу межеленуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы облысымызда Елбасының тікелей қолдауымен жүзеге асқан «Бейнеу-Бозай-Шымкент» магистралды газ құбыры бойынан 7 автоматтандырылған газ реттеуші станцияларының құрылыстары жүргізіліп, бүгінгі таңда 4-і жүзеге асырылды, қалған 3-ін ағымдағы жылы аяқтау жоспарланған.