• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Қ.Бозымбаев ЖЭК дамыту т уралы айтып берді 01.06.2017

«Жаңартылатын энергия көздерін дамыту үшін инвестицияларды және технологияларын енгізу үшін заңнамалық түрде қолайлы жағдайлар жасалған. Осы секторды дамытудың 2020-ші жылға дейін нысаналы көрсеткіштері бекітілген», - деді Қанат Бозымбаев.

Министр атап өткендей, жаңартылған энергия көздерін дамыту үшін басты екі міндетті шешу керек.

«Біріншіден – дұрыс инвесторлар мен үздік технологиялары бар аса тиімді жобаларын таңдау және іске асыру. Екінші айтарлықтай маңызды мәселе – елдің экономикасына жаңартылатын энергия көздерінің  жүктемесін азайту», -деп толықтырды министр.

Сонымен қатар, Қанат Бозымбаев хабарлағандай, соңғы жылдары табиғат қорғау шараларына қаражаттың 29% ұлғайғандығын, ал ластаушы заттардың ауаға шығарындылары 2007-ші жылмен салыстырғанда 13% төмендеген. Өртеу газының көлемі 68% қысқарды.

 «Тәуекелдерді басқару жүйесі енгізілгеннен кейін қоршаған ортаны қорғау саласындағы тексерістер 41,5%  қысқарды. Мемлекеттік бақылау және қадағалау міндеттерін 30% қысқарту бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Экологиялық реттеуге «бір терезе» принципі енгізіледі - рұқсатқа және эмиссиялар нормативтері жобасына бір өтінім беріледі және оң қорытынды берілген жағдайда қорытындымен бірге эмиссияға рұқсат және табиғат қорғау шараларының келісілген жоспары берілетін болады», - деп толықтырды спикер.

Оның айтуынша, бұл эмиссияға рұқсат беру және жобаның сараптама мерзімін 120 күннен 45 күнге дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

Ақбота Күзекбай


Back to the list