• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры арқылы  100 млн тонна мұнай тасымалданды 31.03.2017

«Атасу – Алашаңқай» мұнай құбыры әлеуеті зор Қытай нарығына тікелей жолды қамтамасыз еткен ТМД кеңістігіндегі бірінші экспорттық мұнай құбыры.

Мұнай құбырының іске қосылуы қазақстандық мұнай экспортының құбыр желісінің жаңа бағытын құруға, қолдағы мұнай құбыры жүйесін жүктеуге, еліміздің транзиттік әлеуетін барынша пайдалану, жаңа жұмыс орындарын құру мен бірге мемлекеттік бюджетке қосымша кірісті қамтамасыз етуге мүмкіндік беріп отыр.

Мұндай жоғары жетістіктер «ҚазТрансОйл» АҚ-тың 20 жылдығымен тұспа-тұс келуі де тегін болмаса керек.

Айта кетейік, мұнай және газ саласында ҚР және ҚХР арасында екіжақты ынтымақтастықты дамыту аясындағы  шектелмелі Келісімді жасаумен бірге 2004 жылдың 14 мамырында «ҚазМұнайГаз» ҰҚ» ЖАҚ және CNPC арасында «Атасу-Алашанькоу» мұнай құбыры құрылысының негізгі қағидалары туралы келісімге  қол қойылды.  2006 жылы «Атасу-Алашаңқай» мұнай құбыры іске қосылды, ал құрылыс толықтай 2008 жылы аяқталды. Құрылыстың алғашқы сатысында мұнайдың өткізу қуаттылығы жылына 10 млн тоннаны құрады. 

 

 

 

 

 

 


Back to the list