19.10.2016
Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры (ММ) жүйесіне түсетін мұнай қазанда Атырау-Самара мұнай құбыры учаскесі бойынша экспортқа тасымалданады және 2016 жылғы қарашаның басында Усть-Луга порты арқылы тиеледі, деп хабарлады ұлттық компания.
Қашаған кен орнынан «ҚазТрансОйл» АҚ магистральды мұнай құбыры жүйесіне мұнай қабылдау 2016 жылғы 11 қазанда басталғаны атап өтілді.
Анықтама үшін: «ҚазТрансОйл» АҚ – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы, Қазақстан Республикасының магистральды мұнай құбыры бойынша ұлттық операторы. Компания ұзындығы 5,4 мың шм магистральды мұнай құбырлары және ұзындығы 2 мың шм су таратқыштар желісін басқарады, 8 мыңнан астам адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етеді. «ҚазТрансОйл» АҚ өндірістік объектілері Қазақстанның Қарағанды, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қызылорда, Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарында орналасқан.