• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Екібастұз СЭС-1 қуаттылығы қайта құру жұмыстарынан кейін 3500 МВт-қа жетті 06.01.2015

Желіге қуаттылығы 500 МВт №2 энергоблок қосылды. Осылайша  ҮИИД МБ мен Индустрияландыру картасы аясында № 2 энергоблок бойынша қайта құру жұмыстары аяқталуда.

Басқармадан атап өткендей, Екібастұз СЭС-1 №2 энергоблогын қайта құру бағдарламасына қазандық пен турбина құралдарын қалпына келтіру, электр және автоматты бақылау бойынша құралдарды орнату, сонымен қатар «Альстом Пауэр Ставан» ЖАҚ өнірісінің электрфильтрін іске қосу жұмыстары енгізілді. Жоба құны 61,5 млрд теңге.

Жұмыстар 2011 жылы 10 мердігер компанияның қатысуымен басталған болатын. Ол өз кезегінде уақытша 500 жұмыс орнын ашуға және станция іске қосылғаннан кейін 25 адамды тұрақты жұмысқа алуға мүмкіндік берді. 


Back to the list