17.10.2014
«Бұл Астанадағы ЭКСПО халықаралық мамандандырылған көрмесінің қарсаңында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының жыл сайын өткізетін басты тақырыптық іс-шараларының бірі болып табылады», - деп хабарлады Ұлттық компания.
Форум – «Болашақ энергиясы» көрмесінің тақырыбын ашатын бірегей шара бірнеше тақырыпшаға бөлінген: шығарылатын СО2 мөлшерін азайту, энергия тиімділігі жоғары өмір салты, жалпыға арналған энергия.
Іс-шара ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы мен тақырыпшаларына қатысты зерттеу жобаларының алаңына айналады деп жоспарлануда.
Форумға энергетика саласының 500-ден аса жетекші сарапшысы, ғалымдар, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшылары, мемлекеттік сектор өкілдері қатысады.