09.06.2014
Өткен жылу беру маусымы жоспар бойынша орындалды. Яғни, қысты күндері жылусыз қалған мекеме мен тұрғын үй болған жоқ. Дегенмен, күрделі жөндеу жұмыстарының кеш аяқталуына байланысты жылу 10-15 күнге кеш қосылған үйлер болды, деп облыс әкімдігінде хабарлады.
«Кесте бойынша қазандықтарға күрделі жөндеу жұмыстарын «Қызылордажылуэлектрорталығы» МКК, «Оңтүстік қазандығы» филиалы, Арал және Қазалы аудандары мен денсаулық сақтау басқармасы нысандары бастамаған», - деді Ержан Әбдіхалықов.
Облыс бойынша коммуналдық қызметтерге тұтынушылардың қарызы 739,2 миллион теңгені құрап отыр. Мәселен, электр энергиясына 168,6 млн., жылу беру қызметіне 461,8 млн, суға 108,8 млн. теңге. Аймақ басшысы бұл атүсті қарайтын мәселе еместігін атап өтті.
«Мемлекеттік мекемелер соның ішінде білім ошақтарының қарыздары аз емес. Білім саласын қаржыландыру соңғы уақыттары екі-үш есеге артты», - деді облыс әкімі Қ.Көшербаев.