• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
Астанада №1 және №2 сорғы станциялары іске қосылады 23.04.2014

«Жылу жүйелерін жаңғырту мақсатында биылғы жылы №19 жылу магистралінің қайта жөндеу жұмыстарын аяқтамақшымыз. Ол өз кезегінде Досмұхамбетұлы, Жұбанов, Пушкин көшелері және Тәуелсіздік даңғылы бойынша тұтынушыларды мүлтіксіз жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, біз  Жиенқұлов-Кенесары, Жұбанов - Республика даңғылы шаршысындағы жаңа тұрғындарды қосу үшін ЖМ-20 күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастырамыз», - деп Энергетиканы басқару басқармасының басшысы Ілияс Алдажаров ағынан жарылды.

Бұдан басқа, диеметрін арттыру арқылы ЖМ-5 күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу ұсынылады. Бұл өз кезегінде Жангелді, Габдуллин мен Иманбаев көшелерінің тұрғынына қалтықсыз жылу беруге жағдай жасайды.

«Сондай-ақ, бүгінде ЖМ-18 жөндеу жұмыстары және Күмісбеков көшесі бойынша жылу магистралының құрылысы басталды.  Үстіміздегі жылы жылумен қамтасыз етуді сенімді ету мақсатында №1 мен № 2 сорғы станцияларының құрылысын аяқтап іске қосамыз.  Бұл жобада біздің бағдарламамыздың аясында жүзеге асырылуда», - деді ол.

Айта керлік жайт,  № 1 сорғы станциясы  Тлендиев даңғылының оңтүстік бөлігінде салынған және құрылысы жүріп жатқан тұрғын үйлерді жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ал, № 2 сорғы станциясы ескі қаланың орталық бөлігі мен нысандарын жылумен қамтамасыз ету сенімділігін арттырады.


Back to the list