• usd 0.00%
    432.93
  • eur 0.00%
    496.18
  • rub 0.00%
    5.7
  • gbp 0.00%
    587.4
  • cny 0.00%
    68.07
ОҚО-да этнос өкілдерінің 70 пайызы мемлекеттік тілді еркін меңгерген 19.09.2017

Оның айтуынша, облыста 106 этнос өкілдері тұрады. Сол этнос өкілдерінің басым бөлігіне өз ана тілінде білім алуына мәдениеті мен салт-дәстүрін ұстануға  толық жағдай жасалған. 

«Оңтүстік Қазақстан облысы – ұлттар мен ұлыстардың ең көп шоғырлануымен, ең бастысы олардың тілі, мәдениеті, салт-дәстүрінің сақталуымен ерекшеленеді. Бүгінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген этнос өкілдерінің ересек тұрғындарының үлесі 70 пайызды құрайды.  Ал өңірде жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижесінде  мемлекеттік тілді еркін меңгерген тұрғындардың үлесі – 92,1% болса,  63 % орыс тілін,  ал, ағылшын тілін білетіндер – 14 %-ға жетіп отыр»,-деді Б. Есқараев.

Сондай-ақ, спикер облыста 20 этномәдени бірлестіктердің жанында он бір жексенбілік мектеп жұмыс жасайтынын атап өтті. Яғни, ол мектептердегі он бес топта 1065 этнос өкілі өз ана тілдерін оқып-үйренуде. 

Жалпы облыстағы барлық аудан, қалаларда мемлекеттік тілді және орыс, ағылшын тілдерін тегін оқытатын 14 орталық жұмыс істейді. Оларда осы жылдың жеті айында 7209 азамат білім алған.


Back to the list