22.08.2017
ҚХА хабарлағандай, кездесу барысында Д.Мыңбай қор өкілдеріне ҚХА мәртебесі мен конституциялық міндеті, қоғамдық келісім мен қоғамдық бірлікті нығайту жөніндегі жұмыстарымен таныстырды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары елдер арасындағы ашық қарым-қатынасты атап өтті, ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Федералды Канцлер А.Меркель арасындағы сенімді ынтымақтастықты атап өтті.
«Германия Қазақстанның негізгі серіктестерінің бірі. Елдер арасындағы қарым-қатынас сенімділік пен ашықтылыққа негізделген. ҚР Президенті Н.Назарбаев пен Федералды Канцлер А.Меркельдің тікелей байланысы осыған куә», - деді Д.Мыңбай.
Қор өкілдері Қазақстанның оң тәжірибесі мен ҚХА-ның этникаралық ынтымақтастықты сақтаудағы маңыздылығын атап өттіі.