08.08.2017
Қала әкімдігі хабарлағандай, аталған іс-шараны ұйымдастырушы Астана қаласы Қазақстан халық Ассамблеясы болып табылады. Сән марафонын өткізу идеясы Астана қаласындағы «Оберег» украин қоғамы» қоғамдық бірлестігіне тиесілі.
Іс-шара барысында қатысушыларға танымал дизайнерлердің қайталанбас топтамаларын, қазіргі заман киімдерінде ұлттық үлгілердің көрінісін, этномәдени орталықтарының астаналық шығармашылық ұжымдарының шығармашылық өнерлерін тамашалау мүмкіндігі пайда болады.